Галкино ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

Галкино ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

Галкино ауылында 2024 жылдың қаңтар айынан бастап жаңа дене шынықтыру сауықтыру кешені қолданысқа берілді. Кешен волейбол, баскетбол,қазақша күрес т.б. спорттық үйірмелер мен іс-шаралар өткізуге арналған.Аталған орталықта спортпен айналысуға барлық жағдайлар жасалынған.Қазіргі уақытта жаңа жұмыс орындары ашылып, нәтижесінде 11 тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл обьект ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын дамытуға бағытталған мемлекеттік шаралар аясында "Ауыл -ел бесігі" бағдарламасы шеңберінде салынған болатын.
Дене шынықтыру сауықтыру кешені алдағы уақытта бұқаралық спортты насихаттау әрі дамыту, әсіресе жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға зор серпін болатынына сеніміміз мол.