Құрметті Александровка ауылдық округының
салық төлеушілері!
Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту – мемлекетіміздің өзекті мәселелерінің бірі. 4-деңгейдегі бюджет салық түсімдері мен бюджетке төленетін басқа да төлемдерге тікелей тәуелді. Халықтың міндеті – салықты уақытылы төлеу.
ММ «Шарбақты ауданы Александровка ауылдық округі әкімінің аппараты» әрбір жылжымайтын мүлік пен көлік иесі жыл сайын төлеуге міндетті жеке тұлғалар үшін негізгі салықтарды төлеу мерзімдерін еске салады:
Жеке тұлғалардан алынатын көлік салығы, КБК 104402. 1 сәуірге дейін төленді! 2024 жылы сіз 2023 жылдың салығын төлеуіңіз керек. Салық құнын Мемлекеттік кірістер комитетінің сайты, e-Salyq Azamat қосымшасы арқылы, немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына немесе, ауылдық әкімдікке хабарласу арқылы дербес есептеуге болады.
Александровка ауылдық округінде тіркелген барлық азаматтар (Александровка, Жаңаауыл, Алексеевка, Каховка, Бөріктал, Николаевка, Құрғамыс станциасы) келесі деректемелерді пайдалана отырып, Александровка ауылдық округі әкімінің аппаратына төлемдерді жүргізсін:
KNO 451202 - «Шарбакты ауданы Александровка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ БСН 980440003010, сондай-ақ жоғарыда аталғандардан қалаған БКК және КНО (негізгі төлем үшін – 911, өсімпұл бойынша – 912) көрсетіңіз.
Дәл осындай мәліметтерді пайдалана отырып, сіз Halyk және E-Salyq Azamat мобильді қосымшалары арқылы төлем жасай аласыз.
Жеке кәсіпкерлер назарына!
Салық түрлері, мысалы:
5.Бірыңғай жер салығы, ҚБК 104501
Сондай-ақ Шарбақты ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына емес, Александровка ауылдық округінің бюджетіне төленсін. Дұрыс төлемеу аудан бюджетінің кіріс бөлігінің орындалмауына әкеп соқтырады.
Төлемдерді дұрыс жүргізіп, берешектің пайда болуына жол бермеуіңізді сұраймыз!
Салық төлеуге қатысты барлық сұрақтар бойынша 4-14-12, 4-19-37 телефондарына хабарласуға болады.