2025 жылғы 05 наурызда Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында Қазақстан Республикасының 2026 жылға дейінгі Денсаулықты дамыту тұжырымдамасының «Салауатты ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы шеңберінде мемлекет активтерінің жоспарланылуы мен пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары мемлекеттік аудит объектілері басшыларының, сондай-ақ Павлодар облысы мәслихаты депутатының қатысуымен қаралды.
Мемлекеттік аудит нәтижелері жөніндегі ақпаратпен тексеру комиссиясының мүшесі А.К. Мұратова сөз сөйледі.
Мемлекеттік аудитпен 9 негізгі аудит объектісі қамтылды, жалпы қаражат көлемі 11 945 417,3 мың теңге, оның ішінде активтер-4 076 508,9 мың теңге, бюджет қаражаты-7 868 908,4 мың теңге.
Заңнама нормаларын бұзудың жалпы сомасы – 834 484,7 мың теңге, оның ішінде:
1) қаржылық бұзушылықтар – 187 156,1 мың теңге;
3) бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау - 447 311,7 мың теңге;
4) тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты - 200 016,9 мың теңге.
Қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан 187 156,1 мың теңге қалпына келтірілуге/өтелуге жатады (оның ішінде 8 120,4 мың теңге қалпына келтірілуге, 179 035,7 мың теңге өтелуге).
Ықтимал шығындар мен жоғалған пайда - 1 407 408,5 мың теңге
Сонымен қатар, 110 бірлік процедуралық сипаттағы бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.
Аудит барысында 38 329, 4 мың теңге өтелді, 8 120,4 мың теңге қалпына келтірілді.
Отырыс қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен Аудиторлық қорытынды бекітілді, аудит объектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға итермелейтін себептерді (жағдайларды) жою туралы нұсқамалары жіберілді.