Мамандандырылған білім беру ұйымдарының, сондай-ақ «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы шеңберінде жалпы білім беретін мектептерге күрделі жөндеу жүргізуге бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы баспасөз-релизі

Мамандандырылған білім беру ұйымдарының, сондай-ақ «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы шеңберінде жалпы білім беретін мектептерге күрделі жөндеу жүргізуге бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы баспасөз-релизі

2023 жылғы 20 қыркүйекте Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында «Мамандандырылған білім беру ұйымдарының, сондай-ақ «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы шеңберінде жалпы білім беретін мектептерге күрделі жөндеу жүргізуге бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары мемлекеттік аудит объектілері басшыларының, сондай-ақ Павлодар облысы мәслихаты депутатының қатысуымен қаралды.

Мемлекеттік аудит нәтижелері жөніндегі ақпаратпен тексеру комиссиясының мүшесі А.К. Мұратова сөз сөйледі.

Аудиторлық іс-шарамен 13 097 758,5 мың теңге бюджет қаражатының жалпы көлемімен 17 объект қамтылды, соның ішінде бюджет қаражаты/активтер – 13 097 758,5 мың теңге.

Заңнама нормаларының анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы – 5 989 848,4 мың теңге немесе қамту сомасынан 45,7%, соның ішінде:

1) қаржылық бұзушылықтар – 436 309,1 мың теңге;

2) бюджетке түсетін түсімдер бойынша қаржылық бұзушылықтар – 5127,6 мың теңге;

3) бюджет қаражатының тиімсіз жоспарлануы – 4 175 598,7 мың теңге;

4) тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты – 1 372 813,0 мың теңге.

Қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан қалпына келтіруге/өтелуге жататыны 441 436,7 мың теңге (соның ішінде қалпына келтіруге жататыны - 301 704,9 мың теңге, өтелуге жататыны - 139 731,8 мың теңге).

Бұдан басқа, рәсімдік сипаттағы 136 бірлік бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.

Отырыс қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен Аудиторлық қорытынды бекітілді, аудит объектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға итермелейтін себептерді (жағдайларды) жою туралы нұсқамалар жіберілді.