Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының 2026 жылғы 4 тамыздағы отырысында балаларға арналған спорт секцияларын (ArtSport) жан басына шаққандағы қаржыландыру шеңберінде бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудит қорытындылары қаралды.
Мемлекеттік аудит нәтижелері туралы ақпаратпен тексеру комиссиясының мүшесі А.К. Мұратова сөз сөйледі.
Мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 8 350 429,2 мың теңгені құрайтын 1 негізгі объект қамтылды.
Заңнама нормаларының белгіленген бұзушылықтарының жалпы сомасы – 120 593,5 мың теңге, оның ішінде:
1) қаржылық бұзушылықтар – 26 704,5 мың теңге;
2) бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау – 93 889,0 мың теңге.
Қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан 26 704,5 мың теңге өтелуге тиіс.
Бұдан басқа, 24 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.
Аудит барысында бюджет кірісіне 20 163,6 мың теңге өтелді.
Отырыс қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен аудиторлық қорытынды бекітіліп, аудит объективіне Қазақстан Республикасы заңнамаларының анықталған бұзушылықтары мен оларға ықпал ететін себептерді (жағдайларды) жою туралы ұйғарым жіберілді.