
2026 жылғы 26 наурызда Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында «Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ-не бөлінген бюджеттік қаражатты жоспарлау және пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралды.
Мемлекеттік аудит нәтижелері туралы ақпаратпен тексеру комиссиясының мүшесі Мұратова А.К. баяндама жасады.
Мемлекеттік аудитпен 1 негізгі объект және жалпы сомасы 17 892 090,6 мың теңгені құрайтын 8 үстеме тексеру қамтылды.
Анықталған заңнама нормаларын бұзушылықтардың жалпы сомасы - 4 655 680,6 мың теңге, оның ішінде:
Қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан 69 338,1 мың теңге қалпына келтіруге/өтеуге жатады (оның ішінде қалпына келтіруге – 48 270,8 мың теңге, өтеуге – 21 067,3 мың теңге).
Сонымен қатар, рәсімдік сипаттағы 93 бұзушылық пен кемшілік анықталды.
Аудит барысында 14 286,3 мың теңге өтелді, 48 270,8 мың теңге қалпына келтірілді.
Бюджетке түсімдер бойынша қаржылық бұзушылықтардан 619,5 мың теңге бюджетке түсуге жатады (аудит барысында 619,5 мың теңге түсті).
Отырыс қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысымен аудиторлық қорытынды бекітіліп, аудит объектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және оларға себеп болған жағдайларды жою туралы нұсқамалар жолданды.