
2025 жылы 10 желтоқсанда Павлодар облысы бойынша тексеру комиссияның отырысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2025 жылға дейінгі өңірлерді дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралды. Мемлекеттік аудиттің нәтижелері туралы ақпаратпен тексеру комиссияның мүшесі Түйебаев Н.А. баяндама жасады.
Мемлекеттік аудитпен 24 нысан қамтылды, оның ішінде 21-і үстеме тексерумен қамтылған.
Құқықтық нормалардың бұзушылықтарының жалпы сомасы – 3 919 543,1 мың теңге, соның ішінде:
Қаржылық бұзушылықтардың ішінде:
Сонымен қатар, рәсімдік сипаттағы 57 бұзушылық пен кемшілік анықталды.
Аудит барысында 8 646,6 мың теңге өтелді, 42 680,0 мың теңге қалпына келтірілді, бұл қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасының 36 пайызынан астамын құрайды.
Өтелуге тиіс қалдық сома – 56 215,8 мың теңге, қалпына келтірілуге тиіс қалдық – 18 568,9 мың теңге.
Отырыстың қорытындысы бойынша тексеру комиссияның қаулысымен аудиторлық қорытынды бекітілді, аудит объектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және оларды тудыратын себептерді (жағдайларды) жою жөнінде нұсқамалар жолданды.