2025 жылғы 1 қазанда Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында Ақтоғай ауданының бюджет процесіне қатысушылардың жергілікті бюджеттік қаражатының және мемлекет активтерінің жоспарланыуына және пайдаланылуына мемлекеттік аудит қорытындылары қаралды. Отырысқа мемлекеттік аудит объектілері мен Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының төрағасы қатысты.
Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ақпаратпен тексеру комиссиясының мүшесі Ж.С. Демеуов таныстырды.
Мемлекеттік аудитпен жалпы 10 нысан қамтылды, оның ішінде 2 нысанға қарсы тексеру жүргізілді. Аудитпен қамтылған қаражаттың жалпы сомасы –
8 494 610,2 мың теңге.
Анықталған заңнама нормаларын бұзушылықтардың жалпы сомасы – 519 353,1 мың теңге, оның ішінде:
1)Қаржылық бұзушылықтар – 519 353,1 мың теңге;
2)Бюджеттік қаражатты тиімсіз жоспарлау – 2 102 954,6 мың теңге;
3)Бюджеттік қаражатты тиімсіз пайдалану – 2 225 229,8 мың теңге.
Қаржылық бұзушылықтардың ішінен:
Қалпына келтіруге жататын сома – 501 940,9 мың теңге,
Өтелуге жататын сома – 17 412,2 мың теңге.
Сонымен қатар, рәсімдік сипаттағы 82 кемшілік пен бұзушылық анықталды. Отырыс қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысымен аудиторлық қорытынды бекітіліп, аудит объектілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды және оған ықпал еткен себептер мен шарттарды жою туралы нұсқамалар жолданды.