Орман шаруашылығы мекемелеріне бөлінген бюджет қаражатын жоспарланылу және пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижелері туралы баспасөз релизі

Орман шаруашылығы мекемелеріне бөлінген бюджет қаражатын жоспарланылу және пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижелері туралы баспасөз релизі

2025 жылғы 17 қыркүйекте Павлодар облысы бойынша тексеру комиссияның отырысында орман шаруашылығы мекемелеріне бөлінген бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралды.

Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ақпаратпен тексеру комиссияның мүшесі Мұратова А.К. сөз сөйледі.

Мемлекеттік аудит 3 546 251,4 мың теңге сомасындағы қаражатты қамтыған 4 негізгі аудит нысанында жүргізілді.

Анықталған заңнама талаптарын бұзушылықтардың жалпы сомасы –
1 062 451,6 мың теңгені немесе қамтылған қаражаттың 30%-ын құрады, оның ішінде:

  • қаржылық бұзушылықтар – 79 299,3 мың теңге;
  • бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау – 908 068,4 мың теңге;
  • бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану – 63 213,5 мың теңге.

Қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан 91 169,7 мың теңге қалпына келтірілуге/өтеуіне жатады (оның ішінде 89 667,5 мың теңге – қалпына келтіруге, 1 502,2 мың теңге – өтеуге жатады).

Бұдан бөлек, рәсімдік сипаттағы 21 бұзушылық анықталды.

Аудит барысында келесі шаралар қабылданды:

«Максим-Горький орман және жануарлар әлемін қорғау мекемесі» КММ бойынша бюджет кірісіне 508,3 мың теңге өтелді, 77 058,3 мың теңге бухгалтерлік есепке қалпына келтірілді;

«Павлодар орман және жануарлар әлемін қорғау мекемесі» КММ бойынша бюджет кірісіне 791,2 мың теңге өтелді;

«Урлітөбе орман және жануарлар әлемін қорғау мекемесі» КММ бойынша бюджет кірісіне 202,7 мың теңге өтелді.

Отырыс қорытындысы бойынша тексеру комиссияның қаулысымен аудиторлық қорытынды бекітіліп, аудит нысандарына Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және оларға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы нұсқамалар жолданды.