2025 жылғы 17 қыркүйек күні мемлекеттік аудит объектілері басшыларының, сондай-ақ, Павлодар облыстық мәслихаты депутатының қатысуымен Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы өтетін болады, мұнда:
Орман шаруашылығы мекемелеріне бөлінген бюджет қаражатының жоспарланылу және пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындыларын қарау жоспарлануда.
Отырысқа қатысу сұрақтары бойынша 8(7182)328808 телефонына (2025 жылғы 15 қыркүйек сағ. 15.00-ге дейін) хабарласуға болады.