Бүгін Павлодар облысы бойынша Тексеру комиссиясында бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен Павлодар ауданының шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралған отырыс өтті. Отырыста мемлекеттік аудит объектілерінің басшылары мен Павлодар ауданы мәслихатының өкілдері қатысты.
Мемлекеттік аудиттің нәтижелері туралы ақпаратпен Тексеру комиссиясының мүшесі Ж. Демеуов сөз сөйледі.
Отырыс қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысы қабылданып, анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.