Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшелері – Ж.С. Демеуов, А.К. Мұратова, С.Ш. Тастембеков Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары, Аққулы, Тереңкөл, Шарбақты, Успен, Ақтоғай, Ертіс, Баянауыл, Железин, Павлодар және Май аудандары мәслихаттарының сессияларына қатысты.
Мәслихат сессияларында 2024 жылғы жергілікті бюджеттердің атқарылуы мәселелері, сондай-ақ Тексеру комиссиясының жергілікті атқарушы органның өткен жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есептеріне қорытындысы қаралды.
Сөз сөйлеу барысында, Тексеру комиссиясының мүшелерімен есепті кезеңде бюджеттің атқарылуына баға берілді, жергілікті бюджетті жоспарлау мен атқарудағы және оны іске асырудағы кемшіліктер бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен атап өтілді және бюджетті одан әрі тиімді атқару мақсатында атқарушы органдарға тиісті ұсынымдар берілді.