Достық шағын ауданында қосымша 5 балалар алаңы орнатылады

Достық шағын ауданында қосымша 5 балалар алаңы орнатылады

Облыс әкімінің қолдауымен биыл 50 жаңа балалар алаңын орнату көзделген. Бірінші алаң 13 сәуірде орнатылды. Қазіргі таңда 39 нысандағы жұмыстар аяқталды.

Сонымен қатар, облыс әкімінің тапсырмасымен Достық шағын ауданында қосымша 5 алаң орнатылады. Барлық жұмыстарды 20 мамырға дейін аяқтау жоспарлануда.

Қала әкімі Хасар Хабылбеков бұл салаға жауапты қызметтерге сапаға ерекше мән беруді тапсырды. Басты мақсат — балаларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Осылайша, балаларымызға жайлы әрі қауіпсіз ойын алаңдарында ойнай алуы үшін жұмыс қатаң бақылауда жүргізілуде!