«ТАЗА АУЛА» ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

«ТАЗА АУЛА» ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

«ТАЗА АУЛА» ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

 

Жалпы республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын және абаттандыру айлығын жүзеге асыру аясында «ТАЗА АУЛА» қалалық байқауын өткізу ұсынылады.
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ: Павлодар қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Осы Ереже Павлодар қаласы бойынша қысқы маусымнан кейінгі аула аумақтарын тазарту және тазалықты сақтау бойынша ең үздік нәтижелерге қол жеткізген тұрғын үйлер арасында өткізілетін қалалық байқаудың (бұдан әрі – Байқау) өткізілу тәртібін айқындайды.

  1. МАҚСАТЫ

Байқау тұрғындарды «Таза Қазақстан» жалпы республикалық акциясына қатысуға тарту және халық арасында экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында өткізіледі.

  1. МІНДЕТТЕРІ
  • Павлодар қаласында «Таза Қазақстан» жалпыреспубликалық экологиялық акциясын жүзеге асыру;
  • Қалалықтардың аулаларда тазалықты сақтау және тәртіп орнату бастамаларын ынталандыру;
  • Қала тұрғындарын абаттандыруға бағытталған қоғамдық шараларға тарту, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеу және экологиялық мәдениетті қалыптастыру;
  • «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» идеологиялық бағытын ілгерілету.
  1. БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАР

Байқауға меншік иелері ұйымдары (МИҰ – ОСИ, ПИК, кондоминиумдар), Павлодар қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары қатыса алады. Қатысуға ұжымдық та, жеке өтініштер де қабылданады.

  1. БАЙҚАУДЫ ӨТКІЗУ ШАРТТАРЫ

Байқау келесі критерийлер бойынша өткізіледі:

  1. Аула аумағының, балалар (спорт) алаңдарының санитарлық тазалығын сақтау – 10 балл;
  2. Аула мен кіреберістерде жарықтың жұмыс істеуі, кіреберіс есіктерінде рұқсатсыз жарнама болмауы, хабарландыру ілуге арналған арнайы тақтаның болуы – 10 балл;
  3. Кіреберістерде нөмірлері, пәтерлер, ПИК және диспетчерлік қызметтердің байланыс телефондары жазылған тақтайшалардың болуы – 10 балл;
  4. Кіреберіс маңында және аулада гүлзарлардың, көгалдардың болуы – 10 балл;
  5. Тұрғындар тарапынан кіші архитектуралық формалар мен кіреберістерді сырлау жұмыстарының жүргізілуі – 10 балл;
  6. Жинақтау немесе мақсатты қор есебінен ортақ мүлікті жөндеу жұмыстары – 20 балл.

Максималды балл – 100 балл.
Қосымша тұрғындар жасаған бірегей абаттандыру элементтері болған жағдайда, бағалау тағы +5 баллмен толықтырылады.

  1. БАЙҚАУДЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ
  • Байқауға өтінімдер 2025 жылғы 25 сәуірге дейін қабылданады;
  • Байқауға қатысуға өтінім және түсіндірме жазба Павлодар қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-не электронды пошта арқылы жолдануы тиіс: Pavlodar701@mail.ru, «Таза аула» қалалық байқауы белгісімен;
  • Түсіндірме жазбада ұйымның (кәсіпорынның) толық атауы, мекенжайы, басшының немесе жауапты адамның аты-жөні, байланыс телефондары мен растаушы құжаттар көрсетілуі тиіс;
  • Байқаудың қорытындысын шығару 2025 жылғы 26 сәуірде комиссия мүшелерінің аула аумақтарын аралау негізінде жүргізіледі (аралау уақыты қатысушыларға алдын ала хабарланады);
  • Жеңімпаздарды марапаттау 2025 жылғы 30 сәуірде өтеді.
  1. ҚОРЫТЫНДЫЛАРДЫ ШЫҒАРУ
  • Комиссия мүшелері (кемінде 5 адам, құрамына МАБ өкілдері, депутаттар, Қоғамдық кеңес және ардагерлер кеңесі кіреді) бару нәтижелері бойынша бағалау парақтарын толтырады, сол арқылы жеңімпаздар анықталады;
  • Комиссия шешімі оның құрамының үштен екісі қатысқан жағдайда заңды деп танылады;
  • Комиссия шешімі хаттамамен ресімделіп, төраға мен мүшелердің қолдарымен бекітіледі;
  • Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
    1–3 орын – бағалы сыйлықтар және Павлодар қаласы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталады;
    Барлық қатысушыларға – Алғыс хаттар, сондай-ақ абаттандыру мен тазалықты сақтау бойынша үздік аулаларға жеке номинациялар беріледі.

Қалалық байқау нәтижелері бұқаралық ақпарат құралдарында, Павлодар қаласы әкімдігінің ресми интернет ресурсында және әлеуметтік желілерде жарияланады.
Анықтама телефондары: 653623, 660118, 619221

 

«ТАЗА АУЛА» ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ

 

КСК (КСП), ЖК, жеке тұрғын үйлердің тұрғындары

 

Аты-жөні

 

Сізден (Сіздерден) «ТАЗА АУЛА» қалалық байқауына қатысушылар тізіміне қосуды сұраймын (сұраймыз).
Байқау шарттарымен толық танысып, келісемін (келісеміз).

Мекенжайы (заңды және нақты):

 

Байланыс телефоны (факс):

 

 

 

Күні: ___________________
Қолы: ___________________