Көктемнің келуімен Павлодарда абаттандыру жұмыстары қарқын ала түсті

Көктемнің келуімен Павлодарда абаттандыру жұмыстары қарқын ала түсті

Қалада аялдама павильондарын, жол белгілерін, жарық бағаналарын және бағдаршам нысандарын жуу, ағаштарды әктеу сияқты жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, қаланың сыртқы көрінісін жақсартуға бағытталған басқа да шаралар қолға алынған.

Ішкі аула аумақтарын тазарту үшін қала 8 шағын ауданға бөлінді. Бригадалардың саны көбейтіліп, олар жүктеме мен жұмыс көлеміне қарай учаскелерге бөлінді. Бұл - жұмыстарды тиімді әрі жедел аяқтауға мүмкіндік береді.

31 наурыздан бастап елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталды. Павлодар дәстүрлі түрде бұл шараға белсенді қатысып келеді. Барлық қала тұрғындарын аталған акцияға белсенді қатысуға және шаһарымыздың тазалығына бейжай қарамауға шақырамыз.