Құрметті павлодарлықтар және қала қонақтары!
Сіздерді 21 және 22 наурыз күндері қаламызда тойланатын Наурыз мерекесіне шақырамыз.
21 наурызда сағат 11:00-ден бастап қаланың әртүрлі шағын аудандары мен қала маңындағы ауылдардағы 20 локацияда ойын-сауық бағдарламалары мен дәм-татқызумен мерекелік іс-шаралар басталады.
22 наурыз күні сағат 11:00-де орталық алаңда Наурыз мейрамының халықтық мерекесі өтеді.
Сіздерді ұлттық ойындар, театрландырылған қойылымдар, дәстүрлі экспозициялары бар киіз үй қалашығы, сондай-ақ балалар мен жастарға арналған ойын-сауық бағдарламалары күтеді.
Мерекелік концерттің хедлайнерлері қазақстандық эстрада жұлдыздары-AGUGAI тобы, Мархаба Саби, TURAR және Мадина Сәдуақасова болады.
Сіздерді біздің мерекеде күтеміз!