Автобустардағы отыратын орындар саны - 35, ал жалпы сыйымдылығы - 93 адам. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін пандустармен, кондиционерлермен, радиаторлармен жабдықталған.
Бүгін үлкен сыйымдылықты 20 жаңа автобус 1 және 1Э бағыттарына шықты, ал 2024 жылғы 20 автобус 2 және 9 бағыттарға қайта бөлінеді.
Бүгінгі таңда автокомбинат желісінде 55 автобус жұмыс істейді, оның 40-ы жаңа. Кәсіпорын директоры Александр Панченконың айтуынша, күзде тағы 15 автобус сатып алып, оларды 18 және 27 бағыттарға жібереді. Осылайша, биыл автокәсіпорынның барлық 6 бағытындағы автобустар жаңартылады.
Облыс әкімі жолаушылар үшін де, жүргізушілер үшін де жайлылықты қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
- Қоғамдық көлік - бұл облыс орталығы тұрғындарының жайлылығының маңызды құрамдас бөлігі. Павлодарлық автокәсіпорындар жолаушылар тасымалы сапасын қамтамасыз ете отырып, автобустарды жүйелі түрде жаңартып жатқаны қуантады, - деп атап өтті өңір басшысы.
2022 жылдан бері 181 жаңа автобус сатып алынды.