
Ағымдағы жылы Н.Назарбаев даңғылы, 52 мекенжайында апатты жағдайда болған лифт ауыстырылды.
Қала әкімі Хасар Хабылбеков пайдалануға берілген жаңа лифтінің жағдайын тексеріп, тұрғындардан шағымдар бар-жоғын біліп қайтты.
Бұл лифт тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында ауыстырылды. Қазіргі уақытта тағы 5 лифтіні ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Қалада тұрғындар көпқабатты үйдің шатыры, қасбеті немесе лифтіні жөндей алатын бағдарлама бар екенін еске салғымыз келеді. Ол үшін Кривенко көшесі, 25 мекенжайында 701 және 711 кабинеттеріне келіп, немесе 623322 телефоны бойынша тұрғын үй инспекциясы бөліміне жүгіну қажет.