
Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков бастамасымен қала прокуроры Асан Нұрбаев пен облыс орталығының полиция басқармасының бастығы Мәлік Оңғарбаевтың қолдауымен облыс орталығында «Ерке Ертістің жағасында нашақорлыққа жол жоқ!» есірткіге қарсы форумы өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған бірлескен жобаларды әзірлеу және жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттік мекемелер, құқық қорғау органдары, жұртшылық, студенттер мен жастар бірлестіктері және өзге де ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды дамыту болып табылады.
Форум аясында Ерке Ертістің жағасындағы қаласында нашақорлықпен және есірткі қылмыстарымен күрес және алдын алу саласындағы ұсынымдарды талқылау және әзірлеу өтті.
Кездесудің қорытындысы өзара іс-қимыл туралы көпжақты меморандумға қол қою болды.
Күш біріктіруге қала әкімі Хасар Хабылбеков, қала прокуроры Асан Нұрбаев, полиция басқармасының бастығы Мәлік Оңғарбаев, Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы Қобланбек Кожин, Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әнуар Бұйрашев, қаланың білім бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдыралин, Павлодар қаласының қоғамдық кеңесі комиссиясының төрағасы Михаил Желнов, Студенттер альянсының төрағасы Дәурен Шәріпов және Павлодар қаласы қамқоршылық кеңесі атынан Елена Корнева келісті.
Форумға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, депутаттық корпус, Қоғамдық кеңес мүшелері, ардагерлер бірлестіктері, жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері, орта оқу орындарының белсенді оқушылары, әскери қызметшілер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, блогерлер және басқа да бей жай қарамайтын қала тұрғындары қатысты.