Павлодарда жолдардың шұңқырын жөндеу барысында жаңа технология пайдаланыла бастады

Павлодарда жолдардың шұңқырын жөндеу барысында жаңа технология пайдаланыла бастады

БЦМ-24.5 жабдық жиынтығы жолдың жарықтары мен шұңқырларын қиыршық таспен және битум эмульсиясымен пневматикалық бүрку арқылы бітеу үшін қолданылады. Мұныың ерекшелігі - жұмыстарды ауаның температурасы -10 градусқа дейін және асфальтты алдын-ала дайындамай жасауға болады. Бір орташа шұңқырды жөндеу үшін бар-жоғы 2-2,5 минут уақыт кетеді.

Барлық проблемалық учаскелерді, соның ішінде орамішілік және аулаішілік аумақтардың жолдарына мониторинг жүргізіп, жаңа технологияның көмегімен оларды да ретке келтіруді тапсырылды.