27 сәуірде жаппай сенбілік өтеді

27 сәуірде жаппай сенбілік өтеді

Өңірлерде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда. Павлодарлықтар да үйлерінің аулаларын және қалалық аумақтарды тазалауға белсене қатысып, өз үлестерін қосуда.

27 сәуірде Павлодар-Успен тас жолында, теміржол өткелінен кейінгі аумақта жаппай сенбілік өтеді. Барлық ниет білдіруші қала тұрғындарын ластанған аумақты тазалауға күш біріктіруге шақырамыз. ТҮКШ бөлімі қажетті құрал-жабдықтармен және қоқыс шығаруға арналған техникамен қамтамасыз етеді. Сенбілікке қатысушыларға ас-су ұйымдастырылады. Сенбілікке қосылғысы келетіндерді Кривенко көшесі, 25а мекенжайындағы көлік тұрағында сағат 9:00-де автобустар күтеді.

Сондай-ақ тазалық айлығында ТҮКШ бөлімі қоқыс шығаруға арналған техникаларды тегін беретінін естеріңізге саламыз. Өтініштер мына телефондар бойынша қабылданады: 322252, 8 775 862 1684 (WhatsApp).

Қаламызды бірге таза етейік!