Жылу желілеріндегі гидравликалық сынақтар

Жылу желілеріндегі гидравликалық сынақтар

Құрметті павлодарлықтар!

Гидравликалық сынақтардың жүргізілуіне байланысты 22 сәуір мен 28 сәуір аралығында Павлодар қаласының Оңтүстік бөлігінде: 29 қараша – Естай – Абай – Кривенко – Малайсары батыр – Қамзин көшелерінің шекарасындағы және Екінші Павлодар, Шығыс, Зеленстрой, Усолка, Саяжай, Достық, Сарыарқа шағын аудандарындағы тұрғын үйлерде ыстық су болмайды.

Сынақтар аяқталғаннан кейін ақаулар анықталмаған желілерге қосылған тұрғын үйлерде ыстық сумен жабдықтау 3-5 күн ішінде қалпына келтіріледі. Ақау анықталған жылу желілеріне қосылған үйлерге ақауды жөндеуден кейін ыстық су беріледі.

29 сәуір мен 5 мамыр аралығында Солтүстік бөлікте гидравликалық сынақтар басталады. Осыған байланысты Қамзин – Малайсары батыр – Естай – Қ.Нұркин – Ак. Марғұлан – Астана – Набережная – Олжабай батыр – Торайғыров – С.Нұрмағамбетов көшелерінің шекараларында және Химқалашық, Лесозавод, Солтүстік өндірістік аймақ шағын аудандарында ыстық су болмайды.