«Қарызсыз қоғам» жобасы аясында халықты оқыту

«Қарызсыз қоғам» жобасы аясында халықты оқыту

Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасы бойынша биыл Павлодар қаласында «AMANAT» партиясымен бірлесіп, мақсаты халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру және кредиттелген халыққа көмек көрсету болып табылатын «Қарызсыз қоғам» ауқымды жобасы өз жұмысын бастады.

2024 жылдың 5 ақпанынан бастап азаматтарды оқыту жобасы іске қосылды және бүгінгі күні 400-ден астам адам қамтылды. Оқу аяқталғаннан кейін сертификат беріледі, онда адамдар кредиттің проблемалық мәселелері бойынша қосымша тегін заңгерлік сүйемелдеу ала алады.

Оқыту жыл бойы, күн сайын сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жүргізіледі (оқу кезеңі 5 күн). Барлық ниет білдірушілер 65-11-58 телефоны бойынша оқуға жазыла алады немесе Толстой көшесі, 57 мекенжайы бойынша орналасқан «AMANAT» партиясының қалалық филиалына жүгіне алады.

Оқыту тегін негізде өтеді.