«Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы жұмыстар

«Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы жұмыстар

Қала басшысы Хасар Хабылбеков «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыстар жүргізіліп жатқан үйлерде болды.

Ак. Бектұров көшесі , 109 үйде бірнеше жылдан бері жылу және суға қатысты мәселелер болды. Биыл пәтер иелері тұжырымдама аясында суық және ыстық су желілерін, кәріз желісін, кіреберістерді, шатырды, жылу торабын ауыстыру бойынша күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді ұйғарды.

Сондай-ақ осы бағдарлама бойынша тұрғындар жаңа лифттерді орнатуға өтініш бере алады.

Қазір Н.Назарбаев даңғылы, 52 үйде жаңа 2 лифт және Ак. Шөкин көшесі, 100 үйде жаңа 2 лифт орнатылуда. Ескірген лифт жабдықтары мен кабиналары заманауи, яғни сенімдірек құрылғыларға ауыстырылуда.

Биыл тағы 9 лифтіні ауыстыру жоспарлануда.