Павлодарда ағаштарды санитарлық және қалыптап кесу жұмыстары жүргізілуде

Павлодарда ағаштарды санитарлық және қалыптап кесу жұмыстары жүргізілуде

Қала әкімі Хасар Хабылбеков қаланы аралау барысында ағаштарды қалыптап кесу қалай жүргізіліп жатқанын тексерді. Бұл жұмыстар «Берегиня-Био» ЖШС экологтарының бақылауымен және қатаң түрде олардың ұсыныстарына сәйкес жүзеге асырылуда.

Биыл алғаш рет бұндай кесу жұмыстары қыста басталды, өйткені бұл ағаштар үшін аз зақыма әкеледі және жазылып кетуге уақыт береді. Жылы ауа райында шырын ағып, кесілген жерлерге инфекция түсуі мүмкін.

Жасыл өсінділерге эстетикалық көрініс беретін кесуден басқа, ауру, зақымданған және қураған ағаштарды тексеру және кесу жұмыстары жүргізіледі.

Бүгінгі күні жұмыстың 70 пайызы орындалды: қалыптап кесу жұмыстары Баян батыр, Олжабай батыр, Торайғыров, Лермонтов, Сәтпаев, Астана, Толстой, Кривенко, Қайырбаев, Естай көшелерінде жүргізілді. 9 топ жұмыс істеуде.

Сәуір айының ортасына қарай кесу жұмыстары толығымен аяқталады деп жоспарлануда.