Қала әкімі көше жолдарына асфальт төсеу жұмыстарын тексерді

Қала әкімі көше жолдарына асфальт төсеу жұмыстарын тексерді

Екінші Павлодар шағын ауданында Щедрин көшесіне орташа жөндеу жүргізілуде.

Зеленстрой шағын ауданында 14 көшенің жол жабындысын жаңартады. Бүгінгі таңда 8 көше мен 3 учаскеге асфальт төселді. Бұл шағын аудандағы жұмыстарды қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

МДС шағын ауданында мердігер ағымдағы жылдың 15 қазанына дейін 6 көшеге асфальт төсеуі тиіс.

Сонымен қатар, Хасар Хабылбеков жылуға қатысты азаматтардың өтініштері бойынша көп пәтерлі тұрғын үйлерге барды. Бүгін «Павлодар жылу желілері» ЖШС Днепропетровская көшесі, 84 үйде қысымның төмендеуінің алдын алу бойынша жұмыстар жүргізеді. Екінші мекенжай – Толстой көшесі, 84 бойынша жылумен жабдықтау көзі ауыстырылды.

Қаланы жылумен қамту мәселесі үнемі бақылауда.