Луговая көшесі, 16 мекен жайында орналасқан көліктік қызмет көрсету бойынша ХҚКО жаңа филиалы бойынша ақпарат

Луговая көшесі, 16 мекен жайында орналасқан көліктік қызмет көрсету бойынша ХҚКО жаңа филиалы бойынша ақпарат

Луговая көшесі, 16 мекен жайы бойынша ХҚКО филиалының ашылуына байланысты келушілерге ыңғайлы болу мақсатында ағымдағы жылдың 13 наурызынан бастап №153 шағын класты автобус маршрутының қозғалыс бағытына өзгерістер енгізілетін болады.

Торайғыров көшесі бойымен шығыстан батысқа қарай қозғалыс кезінде Астана көшесіне солға бұрылады, одан әрі оңға бұрылып, Луговая көшесі, 16 мекен жайына дейін барады. Кері бағытта Торайғыров көшесі арқылы артқа бұрыла отырып Астана көшесіне шығады, әрі қарай тиісті бағыт бойынша жүреді.

Баян батыр көшесі бойымен солтүстіктен оңтүстікке қарай қозғалыс кезінде Айманов көшесіне оңға бұрылады, одан әрі Набережная көшесіне солға бұрылып Луговая көшесі, 16 ғимаратына дейін барады. Одан кейін кері айналып, Айманов көшесіне оңға бұрылады, әрі қарай Торайғыров көшесіне оңға бұрылып, одан әрі тиісті бағыт бойынша.

Схема қоса беріледі.