Павлодардың ауылдық округтерінде су тасқынына қарсы іс-шаралар басталды

Павлодардың ауылдық округтерінде су тасқынына қарсы іс-шаралар басталды

Қала әкімі Ержан Иманзаиповтың тапсырмасы бойынша Павлодардың 5 ауылдық округінде су тасқынына қарсы іс-шаралар басталды. Бірінші кезекте қар су басу қаупі бар аймақтардан шығарылады. Бұл іс-шаралар 15 наурызға дейін жалғасатын болады.

Сондай-ақ, ауыл тұрғындары арасында аулалардан қар массасын шығару бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Қыс маусымы басталғаннан бастап полигонға 2 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Су басу қаупі бар кезеңде Павлодар ауылында 500 дана қапшық, инертті материал - 65 тонна құм қоры бар. Павлодар қаласының төтенше жағдайлар басқармасы суды сорып шығару және қар тазалайтын арнайы көліктердің дайындығына тексеру жүргізді.