Павлодар қаласы әкімдігінің ресми сайтында 2022 жылға арналған «Халық қатысатын бюджет» жобасының өтінімдері бойынша дауыс беру жүріп жатыр. Дауыс беру 2022 жылдың 25 сәуіріне дейін жалғасады.
Дауыс беруге қала тұрғындарының 5 жобасы шығарылды. Дауыс беруге кез келген адам қатыса алады.
Дауыс беру үшін Павлодар қаласы әкімдігінің сайтындағы «Халық қатысатын бюджет» бөліміне өтіп, ұнаған жобаны таңдау қажет.
1. Тіркеуден өткен пайдаланушылар үшін: сайтқа өз есептік жазбаңызбен кіріп, таңдалған жобаның жанындағы «Дауыс беру» батырмасын басыңыз;
2. Тіркеуден өтпеген пайдаланушылар үшін: таңдалған жобаның жанындағы «Дауыс беру» батырмасын басу, одан әрі ЭЦҚ пайдалана отырып тіркелу қажет.