Павлодарда Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Nur Otan» қатары толықты

Павлодарда Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Nur Otan» қатары толықты

Бүгін облыс орталығында партияға салтанатты қабылдау рәсімі өтті. «Nur Otan» партиясының Павлодар қалалық филиалының төрағасы Асайын Байханов 12 павлодарлыққа партия билеттерін табыс етті. Бұл белсенді азаматтық ұстанымы бар азаматтар, түрлі қызмет салаларының өкілдері: денсаулық сақтау, білім беру, спорт, мәдениет және зауыт жұмысшылары. Сонымен қатар, 5 қала тұрғыны алғыс хатпен марапатталды.

- Жыл сайын 1 желтоқсанда Қазақстанда мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні атап өтіледі. Осындай атаулы күнді мерекелеу Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа Қазақстан халқы мен еліне сіңірген еңбегі үшін құрмет көрсету болып табылады. Елбасының тұрақты және жүйелі қабылдаған шараларының нәтижесінде Қазақстан саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан да  қарқынды дамып келеді, - деді Асайын Байханов.

Кездесу соңында қала әкімі партия мүшелерін мерекемен құттықтап, партия мен жалпы елдің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғысын білдірді.