Павлодар қаласында қоғамдық көлікте дифференцияланған тарифті енгізу 2022 жылға ауыстырылады

Павлодар қаласында қоғамдық көлікте дифференцияланған тарифті енгізу 2022 жылға ауыстырылады

Бұған дейін қоғамдық көліктегі жол ақысына дифференцияланған тариф 2021 жылдың желтоқсан айынан бастап енгізілетіні хабарланған болатын.

Бүгінгі күні электрондық билеттеу операторларымен азаматтардың әртүрлі санаттарына 30 000-ға жуық көлік картасын (стандартты, жеңілдікті, мектеп және зейнетақы карталары) іске асырылды. Жеңілдікті санаттағы азаматтарды, оның ішінде оқушылар мен зейнеткерлерді толық қамтамасыз ету үшін 60 000-ға жуық картаны іске асыру қажет.

Карталарды сату нүктелерінде адамдардың көп жиналуын болдырмау мақсатында Павлодар қаласының әкімдігімен қоғамдық көлікте дифференцияланған тарифті енгізу мерзімін келесі жылға ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Сол уақытқа дейін қоғамдық көлікте электрондық билеттеу әдеттегі қолма-қол ақшамен төлеумен қатар қолданылатын болады. Бұл шаралар қала тұрғындарының карталарды сатып алуға уақыттың жеткілікті болуы және тұрғындар арасында тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін қабылданды.