Павлодарлық кәсіпорын – Қазақстандағы өнеркәсіптік ауа баптағыштарын шығаратын жалғыз кәсіпорын

Павлодарлық кәсіпорын – Қазақстандағы өнеркәсіптік ауа баптағыштарын шығаратын жалғыз кәсіпорын

Бүгін қала әкімі Асайын Байханов «STS-PV» ЖШС бірегей өндіріс технологиясымен танысты. Компания 15 жыл бойы тоңазытқыш қондырғыларын өндіру және орнату, көкөніс сақтау қоймаларына арналған желдету жүйелерін, сондай-ақ, өнеркәсіптік ауа баптағыштарды өндіру бойынша өз қызметтерін ұсынып келеді. Облыс орталығының басшысына қондырғылардың басты ерекшелігі оның жергілікті климаттың ерекшеліктерін ескере отырып жасалғандығын атап өтті. Сонымен қатар, отандық техника сатып алушыларға шетелдік өнімдерге қарағанда екі есе арзан бағада ұсынылады. Өнімдер медициналық мекемелерде, кеңселік және сауда ойын-сауық кешендерінде, азаматтық және өнеркәсіптік нысандарда, сондай-ақ, климатты бақылау талап етілетін басқа да салаларда қолданылады.

Сондай-ақ, жұмыс сапары аясында Павлодар қаласының әкімі Торайғыров университетінде және ұн мен кебек өндірумен айналысатын «Жан-Дос KZ» ЖШС-да болды. Асайын Байханов шағын және орта бизнесті қолдау мемлекеттік саясаттың басым бағыты, сондай-ақ, Павлодар экономикасы дамуының негізгі құрамдас бөлігі болып табылатынын және болып қала беретінін атап өтті.