Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы қар тазалау режиміне көшті

Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы қар тазалау режиміне көшті

Павлодар қаласының коммуналдық қызметтері кешегі кештен бері жауған қардың салдарын жоюда. Түнгі уақытта қала көшелерінде 50-ден астам техника жұмыс істеді. Бұл 35 сыпыру-жинау және 17 құм шашатын арнайы көліктері. Қар тазалау таңғы сағат 6.00-ге дейін жүргізілді.

Таңғы сағат 6.00-ден бастап қала көшелерінде қарды тазалау және шығару бойынша 70-тен астам техника жұмыс істеуде. Бұл 24 тиегіш және 50 жүк машинасы.

Жолдардың жиектерін, аялдама павильондарын және жаяу жүргіншілер өткелдерін тазалауға 200-ден астам адам жұмылдырылды. Ең алдымен жаяу жүргінші жолдары, аялдамалар, баспалдақтар, еңістер мен көтерулер қардан тазартылады.

Павлодар қаласының көшелері мен айналма автожолдарын қыс мезгілінде күтіп-ұстауды «Холдинг-Транс-Павлодар» ЖШС және «Горкомхоз-Павлодар» ЖШС екі мердігерлік ұйымы жүргізеді.

Қысқы маусым басталғаннан бері полигонға 6 мың тоннадан астам қар шығарылды. Қар тазалау жұмыстары тәулік бойы жалғасатын болады.