Тұрғын үйлерге жылу қосу туралы

Тұрғын үйлерге жылу қосу туралы

2021 жылғы 11 қазан сағат 12.00-дегі жағдай бойынша Павлодар қаласында 4 көп қабатты тұрғын үй жылусыз қалып отыр.

Бұл келесі мекен жайлардағы үйлер:

М. Жүсіп көшесі, 24 (жылу желісін ауыстыру),
- Жамбыл көшесі, 1 (иесіз жылу желісінде ақау анықталды)
- Ладожская көшесі, 3, 5 (үйдің жылу тораптарын ауыстыру).

Бүгін күні бойы жөндеу жұмыстарын аяқтап, Жамбыл көшесі, 1 тұрғын үйіне жылу қосу жоспарлануда. Ағымдағы жылдың 12 қазан күні М.Жүсіп көшесі, 24 мекен жайындағы жылу желісін ауыстыру жұмыстары аяқталады.

Достық шағын ауданындағы Ладожская, көшесі, 3, 5 мекен жайлары бойынша орналасқан үйлердің жылу тораптары ауыстырылуда, содан кейін аталмыш үйлерге жылу қосылатын болады. Бір үй бойынша жұмыстар бүгін 11 қазанда аяқталады, екінші үй бойынша жұмыстар 12 қазанда аяқталады.