Павлодарда Кривенко көшесіндегі жолды қалпына келтіру жұмыстары басталды

Павлодарда Кривенко көшесіндегі жолды қалпына келтіру жұмыстары басталды

Павлодарда Кривенко көшесіндегі (Назарбаев даңғылынан Абай көшесіне дейін) 31-ші жылу магистралін қайта жаңартудың бірінші кезеңі бойынша жұмыстар аяқталды. Кривенко, Абай, Естай көшелері арқылы өтетін қайта жаңартылған магистральдің жалпы ұзындығы – 1465 метрді құрайды.

31-ші жылу магистралін қайта жаңартудың бірінші кезеңінің жұмыстары ағымдағы жылдың мамыр айында басталған болатын. 2021 жылға жоспарланған жұмыстар толығымен орындалды. Жылу магистралінің 730 метр жаңа құбыры салынды. Қазіргі уақытта аталмыш желіні толтыру жүргізіліп, осы аудандағы үйлерге жылу берілді.

Қазіргі уақытта «Ай-Су Мелиорация» ЖШС мердігерлік ұйымымен Кривенко көшесіндегі жолды қалпына келтіру жұмыстары бастады. Көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Көшені абаттандыру жұмыстарын ағымдағы аптаның соңына дейін аяқтау жоспарлануда, содан кейін жолдың осы учаскесіндегі қозғалыс қалпына келтірілетін болады.