
№ 12 және № 14 бағыттар вокзалдан М.Жүсіп көшесі арқылы Усолка және Саяжай шағын аудандарына дейін қатынайтын болады. Жаңа бағыттарға 20 минуттық қозғалыс интервалы бар сегіз вагон қызмет көрсетеді. Вагон жүргізушілерінің қауіпсіздігі үшін өткел жақын арада автоматты бағыттамалы аудармамен жабдықталады.
Жаңа трамвай желісін іске қосу рәсіміне Павлодар қаласының әкімі Асайын Байханов, трамвай басқармасының басшысы Муслим Махмудов, қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы Александр Рюмкин, Павлодар қаласының Құрметті азаматы және трамвай басқармасының ардагері Джафар Махмудов қатысты.
- Жаңа трамвай тармағының іске қосылуы автобус бағыттарына түсетін жүктемені азайтып, Усолка және Саяжай шағын аудандарының тұрғындарына М.Жүсіп көшесі арқылы вокзалға дейін қоғамдық көлікті ауыстырмай жетуге мүмкіндік береді. Тәуелсіздік жылдары бұл облыс орталығында іске қосылған алғашқы жаңа трамвай бағыттары. Жұмыстың келесі кезеңі - трамвай жолдарын жаңарту және трамвай бағытын Достық шағын ауданына дейін ұзарту, - деді Асайын Байханов.
Павлодарлықтар №12 және №14 бағдарлардың қозғалыс кестесі бойынша ақпаратты 333-814 телефоны арқылы (қызмет тәулік бойы жұмыс істейді) немесе Go2bus қосымшасы арқылы біле алады.