Павлодарда ашық аспан астындағы көркемсурет галереиясы ашылды

Павлодарда ашық аспан астындағы көркемсурет галереиясы ашылды

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы шеңберінде Назарбаев даңғылының бойында 3*6 көлеміндегі 12 билбордта павлодарлық суретшілердің туындылары бейнеленді.

Галеренияның ашылуын «Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімі» ММ мен облыстық көркемөнер мұражайымен бірлесіп ұйымдастырды.

Ерекше фотогалереяда К.К. Нұркенов, Ж.Ә. Қабылдинов, Қ-Ғ. Каржасов, С.И. Әбішева, Ә.Е. Игембаев, Ө.А. Шоранов, С.Б. Тулеев, В.Ф. Поликарпов пен Г.Е. Дайырованың туындылары ұсынылған. Атап өтерлігі, барлық суреттер облыстық көркемөнер мұражайының қорынан алынды.

Барша қала тұрғындары мен қонақтарын ашық аспан астындағы галереяны тамашалауға шақырамыз.