Бүгін Павлодарда Президент Жолдауын талқылау бойынша қала активі өтті

Бүгін Павлодарда Президент Жолдауын талқылау бойынша қала активі өтті

Онлайн-кеңеске қалалық мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, өнеркәсіптік кәсіпорындардың, шағын және орта бизнестің, қоғамдық ұйымдардың басшылары қатысты.

Актив жұмысын ашқан қала әкімі Асайын Байханов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы дәстүрлі түрде қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатын одан әрі арттыруға бағытталғанын атап өтті. Бұл жалақының ең төменгі мөлшерін арттыру, бизнесті қолдау, жолдар мен тұрғын үй салу, білім беру мен медицинаға бөлінетін қаражат көлемін  ұлғайту. Облыс орталығының басшысы Павлодарда осы бағдарламалық құжатқа сәйкес міндеттердің қалай іске асырылып жатқаны туралы баяндады.

Сонымен қатар, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, кәсіпкерлік салаларындағы өзгерістер туралы «AlmazMedicalGroup» ЖШС бас дәрігері Қ.Нысанбеков, «Атамекен-Павлодар «МҚҰ» ЖШС директоры Т. Жантеміров, № 16 мектеп-лицейдің мұғалімі Ж. Жақсылықова, бокстан спорт шебері С. Амангелдіұлы, қоғамдық бақылау тобының жетекшісі А. Қозбаева және т. б. баяндама жасады.

Актив қорытындысы бойынша Асайын Байханов жауапты тұлғаларға қойылған міндеттерді іске асыру бойынша тиісті тапсырмалар берді.