Павлодарда 20 мың шаршы метрден астам аулаішілік аумаққа асфальт төселді

Павлодарда 20 мың шаршы метрден астам аулаішілік аумаққа асфальт төселді

Облыс орталығында орамішілік аумақтарды ағымдағы жөндеу шеңберінде көп қабатты тұрғын үйлердің ауласындағы өтпе жолдарға, көлік тұрақтарына және жаяу жүргінші жолдарына асфальт төселуде. Мердігер ұйым басшысының айтуынша, бүгінгі таңда 20 мың шаршы метрден астам аулаішілік аумақ асфальтталған.

- Аталмыш жұмыстар толығымен 7 аулада аяқталды, қазір тағы 10 аулада жұмыстар жүргізілуде. Көптеген нақты міндеттер қойылды: жаяу жүргіншілер жолдарын, көлік қоятын орындарды асфальттау, аулалардағы көлік жүретін жолдарды кеңейту, қиыршық тас төсеу және жиек тастар орнату. Осы жұмыстардың барлығын ағымдағы жылдың 15 қазанына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз, - деді «Бонус Строй» ЖШС директоры Николай Казанин.

Павлодарда орамішілік аумақтарды абаттандыру бойынша жұмыстар әлі де жалғасатын болады.