Қалалық әкімдікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

Қалалық әкімдікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

Бүгін қалалық әкімдікте Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманслямның төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Күн тәртібі халықтың барлық санаттары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға бағытталған іс-шараларға арналды.

Отырысқа қатысушыларды мемлекеттік органдармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру тиімділігін бағалау бойынша мониторинг нәтижелерімен Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы Айнагүл Сәрсенбаева таныстырды. Сондай-ақ, Павлодар қаласының жер қатынастары және жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімінің басшылары да баяндама жасады.

Отырыс қорытындысы бойынша қала әкімі Ержан Иманслям сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру бойынша жұмысты күшейту, Геопортал арқылы келіп түскен мемлекеттік қызметтерді көрсетуді жеделдету мәселесін пысықтау бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Сондай-ақ, қала басшысы электрондық мемлекеттік қызметтер үлесін кем дегенде 90%-ға дейін арттыруды тапсырды.

Сонымен қатар, қала басышысы әрбір мемлекеттік орган сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ішкі бақылауды күшейтуі тиіс екенін атап өтті.