Павлодарда жасыл желектерді суару екі ауысымда жүргізілуде

Павлодарда жасыл желектерді суару екі ауысымда жүргізілуде

Павлодарда жасыл желектерді суару екі ауысымда жүргізілуде. Түнде гүлзарлар мен көгалдар, күндіз ағаштар суарылады. Осыған байланысты суару көліктерінің саны екі есеге артты. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Павлодар қаласы ТКШ бөлімінің бас маманы Арман Құсайыновтың айтуынша, күн сайын коммуналдық қызметкерлер қалалық мәслихат депутаттарымен бірлесіп суару сапасын бақылау бойынша көшпелі мониторинг жүргізеді.

Естеріңізге сала кетейік, суарудан басқа, жасыл қорды күту жұмыстарына топырақты қопсыту, шөптерді шабу, гүлзарлар салу, бұталарды қалыптау кіреді. Бұған «Жасыл Ел» еңбек жасағы да көмектеседі.