Павлодарда жылу беру маусымына дайындық басталды

Павлодарда жылу беру маусымына дайындық басталды

Бүгінгі таңда кондоминиум нысандарына қызмет көрсететін ұйымдар 37 миллион теңгеге жуық сомаға 36 көпқабатты тұрғын үйлердің инженерлік желілеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

Осындай үйлердің бірі Мәшһүр Жүсіп көшесі, 2 мекен жайы бойынша орналасқан. Мұнда қызмет көрсететін ұйым пәтер иелерінің қаражаты есебінен ортақ желілерге және подъезді жылыту құбырларына жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

- Осы қыста аталмыш тұрғын үйде жылу жетіспеушілік мәселесі болған жоқ, бірақ құбырлардың тозуына байланысты тұрғындар оларды толығымен ауыстыруға шешім қабылдады. Қазір біз жылыту жүйесін тексеріп және жуумен айналысудамыз. Бізде әрбір тұрғын үй жоспарда тұр, барлығын кезекткен келер жылу беру маусымына дайындайтын боламыз, -дейді «Коммунальщик Отау» ПИК 1-ші учаскесінің шебері Антонина Рыбалко.

Павлодарда қазіргі уақытта жылу беру маусымына 43 үй 100%-ға, 181 үй 80%-ға дайын. Аталмыш бағыттағы  жұмыстар жалғасуда. Тұрғын үй инспекциясы бөлімімен күнделікті негізде мониторинг жүргізіледі.