Павлодарда 18 мың жас балғын Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шараларға қатысты

Павлодарда 18 мың жас балғын Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шараларға қатысты

«Бақытты бала - бақытты ел» республикалық акциясы аясында Павлодар қаласының білім беру ұйымдарында отбасылық байқаулар, сондай-ақ, жас блогерлердің зияткерлік сайыстары ұйымдастырылды. Онда 1000-ға жуық бала өз күштері мен білімдерін тексерді.

Балалар техникалық мектебінде сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.

Қаланың 40 мектебінде мектеп жанындағы лагерьді ашу бойынша салтанатты іс-шаралар өткізілді. Онда екі маусым ішінде 12000-нан астам бала демалатын болады.

Жас бүлдіршіндер «Жануарлар біздің досымыз» фото-байқауына, асфальтта сурет салу конкурсына, «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубында «Жердің барлық балалары дос» бейнероликтерінің челленджіне қатысты.