Павлодарда жеке сектор көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары жалғасуда

Павлодарда жеке сектор көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары жалғасуда

Қазіргі уақытта облыс орталығында Южный, Затон, Усолка шағын аудандарындағы жеке сектор жолдарын асфальттау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, екінші Павлодар және Жаңаауыл кентінде де жол төсемін жөндеу жұмыстары жоспарлануда. Ағымдағы жылы барлығы 20 км жол төсемі жаңартылатын болады.

- Жеке сектордан басқа, үлкен айналма жол – 19-шы жол учаскесінде, сондай-ақ, Ак.Сәтпаев көшесі көшесінде (Кривенко көшесінен Қайырбаев көшесіне дейін) жұмыстар аяқталды. 16 мың шаршы метр алаңда шұңқырларға жөндеу жүргізілді, - деп мәлімдеді ТКШ бөлімінің бас маманы Арсен Жұмабеков.

Жолдарға асфальт төсеу жұмыстарымен «Бонус Строй» ЖШС мердігер ұйымы айналысуда.