Павлодарда ағаштарды санитарлық кесу жұмыстары жалғасуда

Павлодарда ағаштарды санитарлық кесу жұмыстары жалғасуда

Ағаштарды санитарлық кесу және апатты ағаштарды кесу жұмыстарын жүргізу үшін қала шартты түрде үш бөлікке бөлінген. Қаланың солтүстік-батыс ауданында кесу жұмыстарын «СК - Триумф 9» ЖШС, солтүстік-шығыс және оңтүстік аудандарда – «IMPERIYA COMPANY» ЖШС жүргізеді.

Күн сайын Павлодар қаласының ТКШ бөліміне және 109 бірыңғай қызметке қала тұрғындарынан Павлодар қаласының аулаларындағы ағаштарды кесу бойынша өтініштер келіп түсуде. Бір күн ішінде жұмыстың күрделілігі мен көлеміне байланысты 5-тен 7-ге дейін мекенжай орындалады.

Бүгін мердігер ұйым жедел түрде Павлов көшесі, 28 мекен жайы бойынша үй тұрғындарының өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ, олардың мүлкіне қауіп төндірген авариялық ағашты кесу жұмыстарын жүргізді.

Маусым басынан бері облыс орталығы тұрғындарының 50-ден астам өтініші орындалды. Ағаштарды санитарлық кесу жұмыстары жалғасатын болады.

Қала тұрғындарының өтініштері 32-06-44 нөмірі бойынша, сондай-ақ, 109 бірыңғай байланыс орталығы арқылы қабылданады.