Павлодардың 11 үйінде биылғы жылы лифтілерді ауыстыру жоспарлануда

Павлодардың 11 үйінде биылғы жылы лифтілерді ауыстыру жоспарлануда

Көп қабатты тұрғын үйлердегі жедел сатылардың басым бөлігі тозып, олардың жағдайы тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Осыған байланысты облыс орталығындағы  үйлердегі жедел сатыларды  ауыстыру жұмыстары жалғасуда.

Қазіргі уақытта Н. Назарбаев даңғылы, 81, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 284 және Ак.Шөкин көшесі, 31 тұрғын үйлері бойынша жобалау-сметалық құжаттама дайындалып, сараптамадан өткізілді. Сегіз жедел сатыны ауыстырудың жалпы сметалық құны 77 млн теңгені құрайды.

Сондай-ақ, Н.Назарбаев даңғылы, 32 (6 және 9 подъезд), 52 (6 подъезд), Малайсары батыр көшесі, 10 (5 подъезд), Ак.Шөкин көшесі, 100 мекен жайлары бойынша орналасқан  үйлердің шахталары мен жедел саты жабдықтарының жай-күйі туралы техникалық қорытынды алынды. Қалған үйлер бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу қажет.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың соңына дейін Павлодарда 30 жедел сатыны ауыстыру жоспарланған. Қайтарымды қаражат «Нұрлы жер» өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында бюджеттен бөлінетін болады. Үй тұрғындары оларды 10 жыл ішінде қайтаратын болады. Жедел сатыларды ауыстыру жұмыстарын «Горкомхоз тұрғын үйді жаңғырту» ЖШС жүргізеді.