Павлодарда «Қауіпсіз терезе» акциясы өтуде

Павлодарда «Қауіпсіз терезе» акциясы өтуде

Ол көп қабатты үйлердің терезелерінен балалардың құлап кету жағдайларының алдын алуға бағытталған. Жылы мезгілдің басталуымен көп пәтерлі тұрғын үйлердің терезелерінен балалардың құлап кетуіне байланысты оқиғалар саны артады. Құлау себебі - балалардың абайсыздығы және ата-аналардың жауапсыздығы.

Жыл сайын отбасындағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында білім бөлімі «Қауіпсіз терезе» акциясын бастады. Мектепке дейінгі ұйымдардың ресми сайттарында ақпараттық буклеттер орналастырылды. Балабақшадағы тәрбиеленушілермен үйде қауіпсіздік ережелерін сақтау тақырыбында тақырыптық әңгімелер жүргізіліп, балабақша мекемелерінің басшыларымен ата-аналар үшін тікелей эфирлер өткізілуде.

Терезедегі москит торы баланы құлаудан құтқармайтынын ұмытпаңыз. Балалардың өмірін бірге сақтайық!