Павлодарда қаланы гүлмен безендіру жұмыстары басталды

Павлодарда қаланы гүлмен безендіру жұмыстары басталды

Қазіргі уақытта гүлзарлардағы топырқты қопсыту, топырақты ауыстыру және минералды тыңайтқыштарды қосу жұмыстары жүргізілуде. Одан кейін гүлдер отырғызылатын болады. 14 мың шаршы метрді құрайтын  қала ішінде орналасқан гүлзарларға жылдық гүлдердің 10 түрі, сондай-ақ, көпжылдық-француз және голланд раушандары отырғызылады. Жұмыстар маусым айының ортасына дейін жалғасады.

Павлодар қаласы ТКШ бөлімінің хабарлауынша, Павлодарды гүлмен безендіруге биыл 120 миллион теңге бөлінген. Мердігер ұйым «Аяулы-Алақан» ҚБ.