Павлодарда қаланы абаттандыру және санитарлық тазалау айлығы басталды

Павлодарда қаланы абаттандыру және санитарлық тазалау айлығы басталды

Бүгін Павлодар қаласында қаланы абаттандыру және тазалау бойынша жалпықалалық сенбілік өтті, оған 3000-нан астам адам қатысты.

Бұл қала тұрғындары, ПИК, ірі кәсіпорындар ұжымдары, шағын және орта бизнес ұйымдары мен мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар. Олар тұрғын үйлердің аулаішілік аумақтарын және кәсіпорындар мен бизнес субъектілері өздеріне тиісті аумақтарды абаттандыру және тазалау жұмыстарын жүргізді.

Сенбілік барысында Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мердігерлік ұйымдарымен жиналған қоқысты шығару үшін 100-ден астам арнайы техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта 4 мың тонна қоқыс шығарылды. Шығару жұмыстары жалғасуда.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 10 сәуірі мен 10 мамыры аралығында Павлодарда қала аумақтарын абаттандыру және санитарлық тазалау айлығы жарияланған болатын.