Павлодарда қаланы абаттандыру және санитарлық тазалау айлығы жарияланды

Павлодарда қаланы абаттандыру және санитарлық тазалау айлығы жарияланды

2021 жылғы 10 сәуір мен 10 мамыр аралығында Павлодарда қаланы абаттандыру айлығы жарияланды

Облыс орталығында автокөлік жолдарындағы шұңқырларды тегістеу, аялдама павильондарына жөндеу жүргізу және жуу, ескерткіштерді, субұрқақтарды жөндеу және абаттандыру, саябақтар мен гүлзарларды жинау жұмыстары басталды. Барлық жұмыстар қаланың коммуналдық қызметтерімен жүргізілуде.

2021 жылдың 10 сәуірінде жалпықалалық сенбілік өтеді. Қала тұрғындарын, ПИК-терді, кәсіпорындар ұжымдарын, қоғамдық ұйымдарды сенбілікке қатысып, тұрғын үйлердің аулаішілік аумақтарын және кәсіпорындар мен бизнес субъектілері өздеріне тиісті аумақтарды абаттандыру және тазалау бойынша жұмыстар жүргізуге шақырамыз.